Скачать 53.32 Kb.
|
Баяндама. «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.» Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласында жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары мазмұны осы мәселелерді шешуге бағытталған бағдарлама ұсынды. Бағдарламаның 7 модульі бар: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. 7. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Оқу жүйесіндегі ақпараттық технологиялар (АТ) — компьютерлік техника мен программалық құралдардың көмегімен оқушыға ақпаратты дайындауды және беруді жүзеге асыратын процесс. Компьютерлік техниканы сабақта не үшін қолданады және ақпараттық технология құралдарын қолданып қандай әдістемелік мәселелерді шешуге болады? Ақпараттық технологияны пайдаланудың педагогикалық мақсаты мынада: 1. Жеке басының дамуы • ойлану • эстетикалық тәрбие • экспериментальды-зерттеу мүмкіндігін дамыту • ақпараттық мәдениетін қалыптастыру 2. Әлеуметтік тапсырысты орындау • пайдаланушының жалпы ақпараттық дайындығы («компьютерлік сауаттылық» деп аталатын) • белгілі бір мамандықтарды дайындау 3. Оқу- тәрбиелік процесті күшейту • оқытудың тиімділігін және сапасын күшейту • танымдық әрекетін қамтамасыздандыру • ақпараттық және пән бойынша дайындықты интеграциялау арқасында пәнаралық байланысты тереңдету. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: • Білім сапасын арттыру; • Әлемдік білім беру кеңістігіне ену; • Орта білімді ақпараттандыру; • Интернет жүйесін пайдалану; • Электрондық оқулықтар; • Қашықтықтан басқару. Компьютерлік технологияны пайдалану мұғалімге оқушының оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады: • Жобаның презентациясын жасау мен ұйымдастыру; • Ғылыми — көпшілік журналының сайтына кіру; • Әлемнің кез-келген еліндегі оқушылар мен еркін араласу; • Интернет- олимпиада мен шығармашылық байқауларға қатысу. Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту процесін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Біздің мектепте компьютерлік технологиямен жабдықталған 5 кабинет бар. Осы кабинеттердің мүмкіншілігін пайдалана алатын мүғалімдер саны да аз емес. Физика, химия, биология, қазақ, орыс тілі, бастауыш сынып мұғалімдері сабақтарында қолданып жүр. Осы құралдары әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді, оған қоса олардың оқушылардың өздігінен білім алуын ұйымдастырудағы өзіндік жұмыстарды орындайтын әдістемелік құрал ретінде атқаратын жұмыстың маңызы өте зор. Қазіргі компьютер мен интерактивті программалық — әдістемелік құралдар мұғалім мен оқушының әрекеттесу формаларын өзгертіп, мұғалімді оқытушыдан гөрі ақылдаса отырып көмектесетін кеңес беруші ретінде қарастырады. Ал мұндай өзгеріс оқушының білімге деген ынтасын арттырып, сабақтың, нәтижелік бақылаудың жаңа моделдерін (баяндама, реферат) іздеуге итереді, оқытудың жеке адамға бағытталған қызықты түрлерін енгізуді керек етеді. Жабдықталған кабинет саны аз, компьютерлік сауаттылықтары төмен мұғалімдер де біздің арамызда бар. Кабинетті өзіміздің күшімізбен жабдықтай алмаймы, ал компьютерлік сауаттылықты арттыруымыз өзіміздің қолымызда. Мектептегі бар мүмкіндіктерді пайдаланып біздің оқушылар мен мұғалімдер интернеттен қосымша материалдар, рефераттар, баяндамалар іздейді, қашықтықтық олимпиадаларға қатысады, әр түрлі сайыстарға қатысып, қажетті көрсетілімдерін әзірлейді. Оқу орнында жергілікті компьютерлік желісі болса және бұл желі Интернет жүйесіне қосылса мұғалімдерге, оқушыларға жаңа технологияны игеруге үлкен мүмкіндік болар еді. Компьютерлік технологияны сабақтарда пайдаланудың үш негізгі түрі бар • Ақпараттық технологияны сабақтарда үздіксіз пайдалану • Ақпараттық технологияны оқушылардың сабақтан тыс өзіндік жұмыстарды орындау барысында пайдалану. • Ақпараттық технологияны танымдық қабілетін дамытуға пайдалану. (дамытушылық ойындар, электрондық энциклопедия т.б). Компьютерді пайдалану оқушылардың терең танып білуіне ғана емес сондай- ақ, есептеуіш техникамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру- уақыт талабы екенін сезінуіне жағдай жасайды. Жаңа ақпараттық технологияны пайдалану оқушының қызығушылығын ғана тудырып қоймай, басты білім сапасының артуына әсер етеді. Кесте АКТ-ны енгізу кезінде мұғалімдердің тәсілдеріндегі өзгерістерді көрсетеді. Мұғалімдердің АКТ-ны қолданудағы тәсілдері
Баяндама. «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану» 1-ші деңгей курсы бойынша сертификатталған мұғалімі Мамырбаева А.Д. Мукарама орта мектебі 2014-2015 оқу жылы |