Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы icon

Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы






Скачать 37.43 Kb.
НазваниеЖақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы
Дата конвертации12.11.2014
Размер37.43 Kb.
ТипДокументы


Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы


Жақсы әдістемелік кабинет- ізденіс кепілі

Мұғалім еңбегінің жемісті болуы оның біліктілігіне, әдістемелік шеберлігіне байланысты. Сондықтан да мектептегі әдістемелік жұмыс мұғалімнің идеялық-теориялық деңгейін көтеріп, озық әдістермен қаруландыруды, озат мұғалімдер тәжірибелерін жинақтап таратуды, педагогика мен психология жетістіктерін насихаттауды көздейді. Ал сол мектептегі әдістемелік жұмысты жетілдіріп, педагогтардың жұмыс мазмұнын байыту жұмысын ең алдымен әдістемелік кабинет атқарады.Әдістемелік кабинеттің ең басты міндеті әдістемелік жұмысты оқу-тәрбие жұмысымен байланыстыру, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін жұмыс жүйесіне енгізу. Соған орай әдістемелік кабинет мұғалімдерге арналған әдістемелік кітаптар мен баспа бетіндегі мақалаларды жіті қадағалап, солар бойынша пікір алысу ұйымдастырып, жаңа технология түрлеріне шолу жасап, мұғалімдердің шығармашылық есебін тыңдап, озат тәжірибені жинап, таратып отырады. Жаңа әдісті іске асыру мектепішілік тәжірибе тарату арқылы іске аспақ. Ол үшін мұғалім сабағына, сыныптан тыс жұмыстарға қатысып, мұғалім жұмысын зерттеп, жаңашыл әдістерін, жақсы тәжірибесін байқап, бағалап отыру керек. Мәселен, тарих пәні мұғалімі А. Ералиев пен бастауыш сынып мұғалімі Б. Дузалбаеваның тәжірибелерін мектепішілік, білім беруді үйлестіру орталығы арқылы аудан мектептеріне таратылып, олардың құндылығы талданып, түсіндірілуі сондай жұмыстың бір көрінісі.

Оқушылардың білім сапасы мен тәрбиесі мұғалімнің әдістемелік шеберлігіне, ізденісіне және жеке жауапкершілігіне тікелей қатысты екені мәлім.Cол себепті мектебімізде жас мқғалімдерге арналған «Жас мамандар» клубы ұйымдастырылды. «Білімді тәжірибе бекітеді» бөлімінде оқушылар білімін бағалау, сабақ жоспарын құру,сабақты талдау,тәжірибелі ұстаздар өткізген сабақ үлгілері, диагногстикалық карталар арқылы жеке оқушыны зерттеу жұмыстары, жаңашыл мұғалімдер тәжірибесі бойынша қорытылған материалдар жинақталған. Жас мамандар мен жұмыс жүргізетін тәлімгерлік жолға қойылған, тәлімгерлер жас мамандарға сабақ пен сыныптан тыс жұмыстардың жоспарларын жасау, сынып журналдарын тотыру, оқушылардың жеке іс құжаттарымен жұмыс істеу, оқушыларды зерттеу, ата-аналармен жұмыс, т.б. жөнінде ақыл-кеңестер беріліп, түрлі шаралар өткізіп отырады.

Оқу процесіне педагогикалық талдау жасау мұғалім сабағына жиі қатысып отырған жағдайда ғана нәтижелі болатыны аян. Ондайда басты назар сабақтың өткізілу сапасына, оқушылардың өзіндік дайындығының ұйымдастырылуына, шәкірттердің жаңа материалды меңгеру қабілеттігіне, өтіп жатқан тақырыптың тәрбиелік ықпалына аударылады. Сабаққа қатысып, оны талдау кезеңінде мұғалімнің жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктері ескріледі. Сабаққа қатысу әр түрлі мақсаттарды көздейді. Мысалы, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім сабақтарына қатысу мақсаты одан жұмыс тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін үйрену болса, кейбір мұғалімдердің сабақтарына кіру тек қана оған көмек көрсету мақсатында болады.Сабақтың сапалы болуы-оқытудың түрлі әдістерін пайдалануға ғана бойланысты емес, ол сабақ өткізуді дұрыс ұйымдастыру және оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі де.

Мектепішілік бақылауда тек мұғалім сабағына қатысып, талдап қана қоймай, оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеруіне, тақырыптық есеп, бақылау жұмыстары, тарау бойынша әзірленген сұрақтар арқылы тексеріп, әдістемелік кеңесте жан- жақты талданып отыралды.

Әдістемелік кабинетте «Мұғалімнің шығармашылық ізденісі» деген тақырыппен педагогикалық көрме ұйымдастырылып, оған жеке мұғалімнің сабақта қолданған сәтті көрнекі қралдары, сабақ жоспарлары, дидактикалық материалдар, оқушының жұмыс дәптерлері, жазба жұмыстары, т.б. шығармашылық жұмыс түрлері қойылады. Бұл әр мұғалімнің жаңалыққа, шығармашылық еңбекке жетелейді, жігерлендіре түседі.

Ал, «Оқы. Үйрен. Пайдалан» бөлімінде сабақ беру әдісін жетілдіруге қажетті материалдар бар. Газет-журналдар, әдістемелік нұсқау хат, педагогика және психология мәселелері, оқу бағдарламалары, бұйрық кітапшалары, заң жинақтары, мемлекеттік стандарттар қойылған.

«Жаңаша оқыту- заман талады» тақырыбындағы стендте жаңа технология түрлері мен оларды пайдалануға көмектесетін тірек сызбалар жинақталған. Бұл мұғалімдердің сабақта жаңа технологияны тиімді және ұтымды қолдануына арналған көмекші болып табылады.

Кабинеттегі «Озат тәжірибе мектебі» қабырғасында іс-тәжірибесі мектепішілік таратылып отырған мұғалімнің еңбегі кеңінен зерттеліп жазылып, шығармашылық жұмыстары үшін бұрыш ұйымдастырылады. Әдістемелік кабинет қабырғасындағы стендтердегі материалдар өзгертіліп, жаңаланып отырылады. Кабинет заман талабына сай техникалармен жабдықталып, мұғалімнің толық қанды жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызуы шарт. Комьпютерлермен толықтырылып, интернет жүйесін пайдалануға мүмкіндік болуы керек.

Сонымен ойымызды түйіндесек, дұрыс ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс пен соған сай жасақталған әдістемелік кабинет мұғалімдердің шеберлігін шыңдап, оқу-тәрбие сапасын арттырудың бірден бір қажетті шарты болып табылады.

Ваша оценка этого документа будет первой.
Ваша оценка:

Похожие:

Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы iconУрок - Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарбұлақ ауылы. Мамыт негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
43.8kb.   Сұрақтар жазылған умаждалған қағаздар («қар») парта үстінде жатады. Оқушылар шетінен алып,жауап береді
Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы iconказакспортшылары - Садыр атындағы орта мектебі
10.2kb.   про казахскихспортсменов на казахском языке
Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы icon"Пейзаж" - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы, Асықата кенті
51.5kb.   Открытый урок
Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы icon№148 - Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Бидайкөл ауылының
16.3kb.   Ата-аналардын арызы
Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы iconРахмет саған, Әліппе! - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
119.1kb.   Ертеңгілік
Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы iconТөрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
53.9kb.   ашық сабақ
Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы iconН. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол»
1339.4kb.   Бұл кітапта «Еліңнің тарихын білмесең, еліңнің мұңын білмейсің» дегенді ұстанған тарих зерттеушілерінің жолын қуып, бір атадан тараған...
Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы iconУчебное пособие "Проектирование систем автоматики и телемеханики" - ХҚту оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен жоо 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығы үшін оқу құралы ретінде пайдалануға ұсынылған Түркістан 2013
451.9kb.   Учебное пособие предназначено для студентов ВУЗов по специальности Автоматизация и управление (на казахском языке)
Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы iconNEWS OF MODERN SCIENCE: Халықар. ғыл.-практ. конф. материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы, 2014. – 246 б. - Қазақша, орысша, ағылшынша. - Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы
1454.5kb.   Жинақта қоғамдық және гуманитарлық, техникалық, ауыл шаруашылығы және ветеринарлық ғылымдардың түрлі салалары бойынша зерттеу материалдары...
Жақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы iconTHE MODERN SCIENCE AND SCHOLAR: Халықар. ғыл.-практ. конф. материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы, 2014. – 198 б. - Қазақша, орысша, ағылшынша. - Scholar халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы
1314.4kb.   Жинақта қоғамдық және гуманитарлық, техникалық, ауыл шаруашылығы және ветеринарлық ғылымдардың түрлі салалары бойынша зерттеу материалдары...
Разместите кнопку на своём сайте:
Рефераты


База данных защищена авторским правом ©CoolReferat 2000-2018
обратиться к администрации | правообладателям | пользователям
Основная база рефератов
Рефераты