Экономикадағы ақпараттық технологиялар - 1 Экономикадағы ақпараттық технологиялар icon

Экономикадағы ақпараттық технологиялар - 1 Экономикадағы ақпараттық технологиялар






НазваниеЭкономикадағы ақпараттық технологиялар - 1 Экономикадағы ақпараттық технологиялар
страница1/17
Дата конвертации05.04.2014
Размер3.24 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1-ТАРАУ. АҚПАРАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ

ТҮСІНІКТЕРІ

1.1. Экономикадағы ақпараттық технологиялар

1.2. Ақпарат - қоғамдық ақпарат ресурстарының бір бөлігі ретінде

1.3. Экономикалық ақпараттың қасиеттері. Экономикадағы ақпараттық процестер

1.4. Экономикалық ақпараттық жүйе

1.5. Ақпараттық жүйелер қызметтері. Ақпараттық нарық. Ақпараттық ресурстар.

1.6. Өндірісте ақпараттық саланың дамуы. Ақпарат көлемі. Бағалау әдістері.

1.7. Ақпараттық жүйелер. Жүйе туралы негізгі ұғымдар.Жүйенің қасиеттері

1.8. Экономикадағы ақпараттық жүйелер.

1.9. ЭАЖ түсінігі, құрылымы және жіктелуі

1.10. ЭАЖ негізгі типтері. Сараптау жүйелерінің мәні. CASE технологиясы.

1.11. Менеджерлерге арналған ЭАЖ.


ХХІ ғасырда әр елдің экономикасының дамуы ондағы адамдық капиталдың өрістеуіне, білім мен ғылымның қосқан үлесіне байланысты. Бұл қағида білімнің қоғамдағы орнын қайта қарап, азаматтардың білімділігі, жұмыс күшінің интеллектуалдық деңгейі мен рухани биіктігі ел үшін ең басты күш-қуат екендігін мойындатты.

Осы тұрғыда қоғам өмірін ақпараттандыру және онымен байланысты есептеу техникасы құралдарын жан-жақты дәріптеу білім беру жүйесінің дамуына айтарлықтай ықпал етеді. Сонымен бірге оқу-тәрбие үдерісіне қажетті жаңа техникалық құралдармен қамтамасыз етуді көздейтін, білім беруге және оны меңгертуге қажетті автоматтандырылған ақпараттық жүйені жасауға негіз болады.

Кез келген салада өндірістің тиімділігін көтерудің маңызды факторы – басқаруды жақсарту болып табылады. Басқарудың әдістері мен формаларын жетілдіру ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері ЭЕМ-нің көмегімен ақпаратты тасымалдау мен өңдеу, жинаудың әдістері мен тәсілдерін, заңдылықтарын зерттеумен айналысатын информатиканың және басқа да техникалық құралдардың негізінде жүзеге асады.

Информатиканың құралдары мен әдістері жаңа немесе қазіргі заманғы деп те аталатын ақпараттық технологиялар түрінде жүзеге асырылады.

Әлемде өндірістік әлеует пен қоғамның ғылыми әлемі ЭЕМ мен ақпаратты өңдеудің технологиялық жетілдірудің қосылған күшімен анықталатын уақыт келді.

Адамды ақпаратты өңдеу бойынша олардың мүмкіндіктерін күшейтетін – информатиканың индустриясын тездетіп дамытуды талап ететін маңызды техника – экономикалық мәселелерді шешуде технология мен өндірістің жаңа қаруларымен қаруландырды. Мұнымен қатар, жаңа ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан: ақпараттық экономика, ақпараттық ресурстар, желілік экономика және т.б. түсініктер пайда болуда.

Ұлттық ақпараттық ресурстар – жаңа экономикалық категория. Ақпарат материал мен энергия сияқты ресурс болып қалыптасып келеді, осы процеске байланысты мынадай сұрақтар пайда бола бастады: ақпарат ресурсы кімнің иелігінде? Оны коммерциялық мақсатта пайдалануға бола ма?

Өткен ХХ ғасырдың ішінде өркениеттің даму тарихында адам еңбегінің негізі – матиериалдық ресурстар болатын. Материалдық өндіріс пен қызмет етудің сыртында әдеттегідей, өндірістік емес шығындар категориясына жататын әрекеттер болды.

ХХ ғасырдың басында адамзат тарихында өнеркәсіптік дамыған елдердің қоғамдық өндірісінде еңбектің негізі ақпарат болып отыр. Еңбек ресурстарының материалдық ресуртар саласынан ақпараттық саласының тербелісінде қазіргі кезде «ақпараттық кризис» деп аталатын тенденциялар пайда болды.

Юнесконың мәліметтері бойынша қазіргі уақытта өнеркәсіптік дамыған елдерде халықтың жартысынан көбі ақпаратты тарату мен өндіру процесінде өз үлестерін қосуда. Ақпараттық секторда жұмыс істейтін адамдар ерік-жігерінің көп бөлігі өз мақсатымен адамдар мен машиналарды басқаратын еңбек процесінің барысында ақпаратты қолмен өңдеу барысында басқару еңбек процесінің қиындықтарын туғызатындығы белгілі болып отыр.

Экономикалық ақпаратты өңдеу барысында байланыс құралдары мен оргтехниканы қолдану арқылы автоматты өңдеу администрация мен тікелей орындаушыларды кез келген уақыт мөлшерінде жасалған жұмыстың көлемі туралы жекелеген өнім түрлері мен жұмыс көлемділігін және өзіндік құн, т.б. туралы дәл мағлұматтармен тез арада қанықтырып отырады.

Осы мәліметтердің негізінде өндірістің экономикалық тиімділігінің, оның жекелеген салалары мен өнімдердің түрлерінің есептері жүргізіледі, өндіріс барысы бақыланады.

Басқарылатын еңбекке ары қарай автоматтандыру құралдарын қысқарту мен басқару аппаратын арзандату жатады.

Қазіргі замандағы ақпараттық технологияларды басқару саласында қолдану – экономикалық ақпараттың маңызын, оның дәлдігін, шынайылығын, деркезділігін және оны ары қарай дер кезінде басқару шешімдерін қабылдау мүмкіндіктерін көтеруде қолдануды қамтамасыз етеді.


Ақпарат - қоғамдық ақпарат ресурстарының бір бөлігі ретінде

Ақпарат (лат. Infоrmation-таныстыру, көрсету, түсіндіру, түсінік) – бұл адамдар арқылы таралатын нақты жағдай туралы хабар, түсініктеме; хабарлама алу арқылы азаятын, төмендейтін белгісіздік; басқарумен синтаксистік, семантикалық және прагматикалық сипаттамаларының біртұтас сигналдары тығыз байланыстағы хабарлама; кез келген объектілер мен процестердегі (өлі және тірі табиғаттағы) көп түрлілікті бейнелеу арқылы жеткізу. «Ақпаратты» айтқанда теледидар мен радио арқылы алынатын мәліметтер мен газет, кітап, кітапхананың мәліметтер қоры мен адамдармен сөйлесу арқылы және ғылыми журналдардан алынған белгілі бір білімдер туралы айтамыз.

Ақпаратты ауызша және жазбаша, электр синалдары мен радиотолқындардың көмегімен тасымалдайды; оны сезім мүшелерінің, фото электр датчиктерімен және видеокамералардың көмегімен алады.

Жекелеген мәліметтер мен мағлұматтарды өңдейді, жөндейді, жүйелейді, сұрыптайды және және жаңа ақпараттар мен білімдерді алады.

Ақпараттың философиялық кең мағынасы – шын әлемнің бейнесі болып табылуы; бір шынайы объект келесі шынайы объект туралы мазмұны бар болатын мағлұматтар. Ақпарат түсінігі қандай да бір объектімен байланысты бейнелейтін қасиеттер деп те түсінуге болады.

Қоғамның мәдени дамуы тарихында бірқатар ақпараттық революциялар – ақпараттарды өңдеудегі маңызды өзгерістер салдарынан қоғамдық қарым-қатынастар жаңаруы пайда болды. Осындай өзгерістер нәтижесі адамдар қоғамында жаңа сапалы жетістіктер әкелді. Алғашқы ақпараттық революция жазу мүмкіндігі пайда болуымен байланысты ойды жазып қалдыру тек мәліметпен хабар алмасу ғана емес, адамзаттың ізгі қазыналарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мүмкіндігін берді.


Екінші ақпараттық революция ХVІ ғ. ортасында кітап басып шығару, мәліметті қағазға басып шығару мүмкіндігімен түсіндіріледі.

Үшінші ақпараттық революция ХІХ ғ. соңында телеграфтың, телефонның, радионың шығуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жарық сәулесі тарау жылдамдығымен жеткізуге мүмкіндік берді.

Төртінші, ХХ ғ. ортасында шыққан микропроцессорлы технологиялар мен дербес компьютерлер пайда болуымен байланысты болды. Микропроцессорлар мен интегралдық схемалар компьютерді, компьютерлік жүйелерді, мәлімет алмасу жүйелерін құрайды.

Соңғы ақпараттық революция – жаңа білім жасау технологияларын, техникалық құралдар жасауға байланысты ақпараттық индустрияны ілгері жылжытады.

Ақпараттық индустрияның негізін құраушылар – ақпараттық технологиялардың барлық түрі, әсіресе телекоммуникациялар. Қазіргі ақпараттық технологиялар компьютерлік техникалар мен байланыс құралдары жетістіктеріне сүйенеді.

Кәдімгі ақпараттық технологиялар деп көбінесе қағаз жүзінде әр түрлі ақпараттарды дайындау, жинау, өңдеу және тасымалдау процестерін айтады. Жаңа ақпараттық технологиялар деп ЭЕМ-дер мен олардың желілері арқылы, әсіресе дербес компьютерлер көмегі арқылы ақпаратты дайындау, жинау, тасымалдау және өңдеу технологияларын айтады.

Сонымен, ақпараттық технологиялар – қоршаған дүниенің обьектілері мен құбылыстары туралы жаңа сапалы ақпарат алу үшін мәлімет алмасу және өңдеу құралдар жиыны мен әдістер жиынын пайдаланатын процесс

Ал, телекоммуникациялар деп отырғанымыз – компьютерлік желі қорында және соңғы техникалық байланыс құралдарындағы мәліметтердің қашықтан тасымалдануы.

Қоғамды ақпараттандыруға өту кезінде адамды жаңа техникалық құралдарды меңгеру арқылы көлемді ақпараттарды жылдам қабылдап, өңдеуге даярлау керек. Сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс жасау үшін ақпаратпен қатысудың нақты бір деңгейінде болу керек. Бұл термин ақпараттық мәдениет деп аталады, яғни ақпаратпен жұмыс жасау және оны алуда, өңдеуде, тасымалдауда қолданылатын компьютерлік ақпараттық технологиялар мен соңғы техникалық құралдармен жұмыс жасай білу керек.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ваша оценка этого документа будет первой.
Ваша оценка:

Похожие:

Экономикадағы ақпараттық технологиялар - 1 Экономикадағы ақпараттық технологиялар iconОқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану. - «Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (акт) пайдалану.»
53.3kb.   Баяндама
Разместите кнопку на своём сайте:
Рефераты


База данных защищена авторским правом ©CoolReferat 2000-2018
обратиться к администрации | правообладателям | пользователям
Основная база рефератов
Рефераты