Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі icon

Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі


1 чел. помогло.




НазваниеТөрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Дата конвертации11.02.2014
Размер53.9 Kb.
ТипДокументы
ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Абдукаримова Жанар Сатыбековна


Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Сабақтың мақсаты: төрт түлік түрлерімен таныстыру,оларды қалай шақыру керек,пірлерін қалай атайтыны,пайдасы туралы әңгімелей отырып,өлеңді сауатты,мәнерлеп,жүргізіп оқуға шақыру.Ұлттық салт-дәстүрді,тағам түрлерін қадірлеу,малды ұрмауға тәрбиелеу.

Дамытушылығы:Төрт түлік туралы жұмбақтар,ойын,тілін дамыту.

Тәрбиелілігі: Еңбекқорлыққа,іскерлікке,әдет-ғұрыпты қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндірмелі,иллюстративті.

Типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру.

Көрнеклілігі: Төрт түлік суреттері,тақырыптық суреттер,интерактивті тақта.


Сабақ жүрісі :

  1. Ұйымдастыру бөлім.

Қане,қатар-қатар түзеліп

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп

Түп-түзу болып тұрайық

Бірінші қатар жай отыр

Екінші қатар сенде отыр

Үшінші қатар тез отыр



  1. Үй тапсырмасын бекіту.

«Таудай бол!» өлеңді түсініп оқу.Жарасқан Әбдіраш


  1. Топқа бөлу

1топ-«Құлыншақ»

2топ -«Ботақан»

3топ -«Қошақан»

  1. Жаңа сабақ.

(слайд тақырып 1)

Жұмбақ шешу.

Ал, қанекей балалар!

Мен, бір жұмбақ айтайын

Шешуін қай топ тез таба алар?

  1. Қамыс құлақ,тостаған тұяқ

Мінсең қанат,сүті дәрі,еті тамақ (Жылқы)

  1. Екі айнасы бар

Қызық найзасы бар (Сиыр)

  1. Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Екі құлағы бар және сақалы бар (Ешкі)

  1. Үстінде екі тауы бар

Өзі қызық жануар (Түйе)


-Бұл жұмбақтың шешуі- Жылқы,Сиыр,Ешкі,Түйе.

-Барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?(төрт түлік малдар)

Түйе Сиыр









Жылқы Қой


5. Ой қозғау: Төрт түлік ерекшеліктерін атау.


2 топ Түйе төрт түліктің ең ірісі.Оның жүні,еті,сүті пайдалы.

Түйе шөлге өте шыдамды.Төлі бота. «көс-көс» деп шақырады.Түйе пірі -Ойсылқара.Түйе төлін 12 ай көтереді.Түйе тобын «келе» деп атайды.

Мұғалім Сиыр ірі қара малға жатады.Еті тамақ,сүтінен айран,құрт, ірімшік,май алынады.Сиырды «ахау-ахау» деп шақырады.Сиыр төлін 9 ай көтереді.

1 топ Жылқы жеті қазынаның бірі.Ол сезімтал,талғампаз жануар.Жылқыда өт болмайды.Жылқыны көлік ретінде пайдаланады.Жылқы сүтінен қымыз жасайды.Жылқының әбзелдері мысалы: ер,ноқта,үзеңгі,қамшы.

3 топ Қой төрт түлік мал ішіндегі ең жуасы.Қой еті,жүні,терісі пайдалы.Жүнінен киіз басады,түрлі киім-кешек тоқиды.Сүйікті шөбі жусан.Пірі Шопан ата.Қойды «пұшайт-пұшайт» деп шақырады.


-Дұрыс, балалар.Әр топ өз білетіндерін барынша айтып берді.

(Видеоклип 1)

-Енді төлдер енесі өріске кеткенде қарны ашқанда өздеріне тән дыбыспен маңырайды,кісінейді,боздайды.


6. Ойын: «Үнін сал.»


Жылқы-кісінейді./Үнін салады./

Түйе боздайды. /Үнін салады./

Сиыр-мөңірейді. /Үнін салады./

Қой-ешкі-маңырайды. /Үнін салады./


Және оларды қалай шақырымыз?

Түйені-«көс-көс»

Cиырды-«аухау-аухау»,

Қойды-«пұшайт-пұшайт»,

Ешкіні-«шөре-шөре»,

Жылқыны-«құрау-құрау» деп шақырамыз.


- Енді төрт түлік төлдері туралы не айта аламыз


1 топ : Күмбір-күмбір әні бар

Желпілдеген жалы бар

Желдей жүйрік құлыншақ

Желмен шапқан жануар

2 топ: Боо-боо деген әні бар

Енесін тез сағынар

Жібек жүнді ботақан

Мөлдір көзді жануар


3 топ: Мә-мә деген әні бар

Жібек тоны сәні бар

Қошақаным момақан

Сүйкімді бір жануар


-қандай тыйым сөздер білеміз?


1.Малды теппе.

Ақты төкпе.


2.Малды басынан ұрма.


3.Малға теріс мінбе.

- қандай мақал-мәтел білесіңдер?

Жылқы-малдың патшасы,


Түйе-малдың қасқасы.


Мал өсірсең-қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан.


7. Оқулықпен жұмыс.

1.Мәтінді мәнерлеп оқу,түсініп алу.

2.Мәтінді рөлге бөліп,мәнерлеп оқу.

(сурет оқулықтағы)


  1. Сергіту сәті




  1. Дәптермен жұмыс: Т,е,қ,а,л,ш,ж,к,й,і,ү,з,ұ,н,и,ы,о,с,р.

Берілген әріптерден 4 түлік аттары мен төлдерін жазу

Ешкі,түйе,құлын,жылқы,қозы,сиыр,лақ,қой....



  1. Шығармашылық жұмыс:

Жасырын малдың суретін тап!


  1. Топтастыру стратегиясы.

Төрт түліктің пайдасы туралы.

(видеоклип 2)

  1. Сабақты қорытындылау:

/ «Сиқырлы сандықша»/ сұрақтарына жауап беру.

Сұрақ

Жауап

1.Мал атасы

Еті,сүті,терісі,жүні

2.Мал төлдері

Шопан ата,Зеңгі баба,Шекшек ата,Қамбар ата,Ойсылқара

6.Малдың пайдасы

Жоңышқа,жаңқа,жусан.

4.Малдың сүйікті асы

Шопан,жылқышы,бақташы,түйеші.

5.Кім бағады

Қозы,бұзау,лақ,бота,құлын.




  1. Тестпен жұмыс .(слайд)


1.Түйе баласын қалай шакырады?

а) пұшайт-пұшайт

ә) көс-көс

б) кұрау-кұрау


2.Қой атасы кім?

a) Шопан ата

ә) Қамбар ата

б) Ойсыл қара


3.Төрт түлікті ата.

a) қой, ешкі, сиыр түйе

ә) мысық, күшік, тауық

б) қасқыр, қоян, түлкі


4.Жылқының төлі?

a) ботақан

ә) қошақан

б) құлыншақ


5.Түйе не істейді?

а) кісінейді

ә) мөңірейді

б) боздайды



Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді









БҮҮ кестесі бойынша оқушылар сөйлейді:


(видео)


14. Үйге: Төрт түліктің кеңесі. Мәнерлеп оқу ,мазмұнын айту

15. Бағалау:

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп оқып

Өсе берсін санамыз

отлично
  3
Ваша оценка:

Похожие:

Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі iconРахмет саған, Әліппе! - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
119.1kb.   Ертеңгілік
Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі iconУрок - Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарбұлақ ауылы. Мамыт негізгі мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
43.8kb.   Сұрақтар жазылған умаждалған қағаздар («қар») парта үстінде жатады. Оқушылар шетінен алып,жауап береді
Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі iconказакспортшылары - Садыр атындағы орта мектебі
10.2kb.   про казахскихспортсменов на казахском языке
Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі iconМАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМ - Асель Камбаровна «С. Сейфуллин атындағы гимназия»
78.8kb.   математика ұғым туралы мағлұмат беру
Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі icon{Учебник} = Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған/ А. А. Пинский, В. Г. Разумовский және басқалар, аударған Р. Башарұлы, Г. З. Байжасарова – Алматы: Просвещение Қазақстан, 2004
82.7kb.  
Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі iconЖақсы әдістемелік кабинет-ізденіскепілі - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі Директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Жайлыханова Айша Айұзаққызы
37.4kb.   Әдістемелік кабинетті жасақтау тәжірибемнен
Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі iconН. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол»
1339.4kb.   Бұл кітапта «Еліңнің тарихын білмесең, еліңнің мұңын білмейсің» дегенді ұстанған тарих зерттеушілерінің жолын қуып, бір атадан тараған...
Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі iconСынып жабдықтарын белгілеңіз
12.7kb.  
Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі icon«Он төрт» сан есімнің мағыналық түрін белгілеңіз
12.6kb.  
Төрт түліктің кеңесі - ОҚО, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылы, С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі iconШеткі нүктелері жердің төрт бағытына қарай орналасқан материк
20.9kb.  
Разместите кнопку на своём сайте:
Рефераты


База данных защищена авторским правом ©CoolReferat 2000-2018
обратиться к администрации | правообладателям | пользователям
Основная база рефератов
Рефераты