Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» icon

Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол»






НазваниеН. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол»
страница1/53
Дата конвертации17.01.2014
Размер1.31 Mb.
ТипДокументы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Данный текст был получен из PDF-документа. Просмотреть оригинал.

 
Нұрлан 
Рахымжанов 
 
 
 

 
 

Жетіқоңыр: 
Жиделі және Жайылма 
 
 

Бірінші кітап 
 
«Бабалар салған соқпақ жол» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

«Айтұмар» баспасы 
2013 жыл 
 


ББК 84 Қаз 7-44 
Р 16 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бұл  кітапта  «Еліңнің  тарихын  білмесең,  еліңнің  мұңын 
білмейсің» дегенді ұстанған тарих зерттеушілерінің жолын қуып, бір 
атадан  тараған  елдің  кешегі  өткен  тарихын,  ел  аузындағы  тарихи 
аңыздар  мен  естелік  әңгімелерін  жинақтап,  бұрын  баспа  бетін 
көрген  дүниелермен  тұздықтап,  жинақтаған  автордың  зерттеуі 
жинақталған. 
Кітап бірнеше томнан тұрады. Сіздерге ұсынылып отырған бұл 
кітапта  Тама  тайпасының  Дәулеткелді  атасының  қазіргі  Қарағанды 
облысы  Жаңаарқа  ауданы  Шәбден  Ералиев  (бұрынғы  Жиделі 
ауылы)  және  Жамбыл  облысы  Сарысу  ауданы  Жайылма 
ауылдарында орналасқан ұрпақтарының тек-тарихы шертіледі. 
 
84 Қаз 7-44 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ISBN 978-601-241-221-5 
 
 


 
 


Біз, қазақтар - өткені бұлдыр, 
 келешегі бұлыңғыр халық емеспіз. 
 Нұрсұлтан Назарбаев. 
 
 

Кіріспе орнына 
 
Биссимиллахи-рахман-ир-рахим! 
«Алаш»  тарихи-зерттеу  орталығының  президенті  Хайролла 
Ғабжалиловтің  2012  жылғы  9  ақпандағы  «Ана  тілі»  газетінің  №6 
басылымында жарық көрген сұқбатында мынадай сөздер бар еді: 
«Бір  мемлекеттің  иесі  болып  отырған  халықтың  тарихын  жазу 
үшін  оның  құрамын  зерттеу  керек.  Қазақтың  тамыры  –  рулық 
жүйеде емес пе? 43 атадан тарайтын рулар: 12 ата – Ұлы жүз, 6 ата – 
Орта жүз, 25 ата – Кіші жүз. 
Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен елінің тарихын санасына 
сіңіріп  өскен  жас  ұрпақ  азамат  болғанда  Отанын,  ұлтын  ешқашан 
сатып, тастап кетпейді, қазіргі кейбір шенеуніктерге ұқсап дүниенің 
құлына айналмайды. 
Руыңды  құрметтемей,  қасиет  тұтпай  ұлт  патриоты  бола 
алмайсың. 
Қазақтың руын құрметтеуі, оны мақтан тұтуы, асыл қасиет деп 
білемін.  Өткен  ғасырлардағы  жоңғарға  қарсы  соғыста  әрбір  ру 
батырлары өз руларының ұранын айтып, дұшпанға атой салған. 
Тарих ғылымы жалпыхалықтық деңгейде болу керек қой. Әрбір 
қазақтың  үйінде  тұратын  тарих  кітабы  әлі  жазылмай  жатыр.  Әрбір 
оқушы,  әрбір  студент,  әрбір  қойшы,  әрбір  инженер  оқып,  рухы 
көтеріліп,  білім  алатын  тарих  кітаптары  болуы  керек.  «Бабаларым 
мынадай  екен  ғой»  деп,  рухтарын,  отаншылдық  қасиетін  көтеретін 
тарих жазу керек. Қазіргі біздің тарихымызды тарихшыларымыздың 
әлсіздігінен  жазушылар  және  басқа  сала  мамандары  жазып  жатыр. 
Мысалы,  Ілияс  Есенберлин,  Олжас  Сүлейменов,  Мұхтар  Мағауин, 
Софы  Сматай,  Қойшығара  Салғараұлы,  Ақселеу  Сейдімбековтер 
сияқты тарих ғылымына өзге мамандықтан келіп, баға жетпес еңбек 
сіңірді. 
Өзге  мамандықтан  тарихты  зерттеуге  келгендер  жиі 
ұшырасады.  Мәселен,  Болатбек  Нәсенов  деген ағамыз,  Алла  тағала 
күш-қуат  берсін,  бұрын  Республикалық  салық  инспекциясын 
 


басқарған, кейін зейнетке шыққаннан соң өз қаражатымен Ресейдің 
мұрағаттарынан  дерек  жинап,  12  том  кітап  шығарды.  Тап-таза 
дереккөздері. Енді және 15 том кітапты шығарғалы жатыр. 
Қазақтың  рулық-тайпалық  тарихын  терең  білген  азамат  бөтен 
жұрттың  алдында  өзінің  ұлтын  қорғап  қалуға  белсенді  жұмыс 
істейтін болады». 
Жоғарыдағы  сұқбатта  айтылған  сөзге  қосып-аларымыз  жоқ. 
Жөн. Біз де осы жолды ұстандық. 
Ия,  қазақтың  әрбір  істі  қолға  алғанда  «Біссімілла»  деп,  әңгіме 
қозғарында  «Әлқисса»  деп  бастайтынын  білеміз.  Біссімілла  деп 
қолға  қалам  алып,  әлқисса  деп  жазуды  бастаған  бұл  тірліктің  шеті 
мен  шегін  таппай  қиналдым.  Жазған,  жиған  дүнием  осындай  кітап 
парағымен  1500  бетке  жуықтады.  Содан  соң  тоқтап  аял  қылдым. 
Оған  себеп  -  таразылау,  топшылаудың  қиындыққа  түскені. 
Сәрсенбекұлы Болат ағайдың осы кітапты бастарда айтқан сөзі еске 
түсті. 
«Әй,  Нұрлан-ай,  сен  өзіңе  таңсық,  бұрын  қолға  алмаған  тың 
жерге түрен салып отырсың. Сен кешегі күнді ғана жазба. Жаза-жаза 
келіп, қазіргі уақытты жаз. Мысалға, өзіңнің әкең Сұлтекең туралы 
мен  көптеген  қызғылықты,  тәлімі  көп  әңгімелерді  айтып  бере 
аламын. Сен, бұл кітапты кішкене ғана жұқалтаң болса да, бірнеше 
кітап  етіп  жаз.  Назардың  заманы,  Байболаттың  заманы,  Баянның 
заманы,  Тасыбайдың  дәуірі,  Ерубай,  Көшектің,  Бегұлының  заманы 
деп  әкел де, кеңес  өкіметіне  тіре. Бергі жағы  анық  та  танық болып 
шыға келеді. Сені әзір ешкім танымайды. Осылай бөлек-бөлек кітап 
етіп шығарсаң, біріншісін оқыған жұрт екінші кітабыңа өздері үшін 
ұмтылатын болады» дегенде: 
«Қойыңызшы.  Мен  соны  турамыштамай  бір-ақ  кітап  қылып 
жаза салмаймын ба» дегенмін ғой. Шама жетпеді, уақыт тапшылық 
қылады.  Адамдардың  тілін  таба  алмадым.  Жол  қаражаттан 
қысылдым.  Оны  тапсам,  көліктен  қысылдым.  Оны  тапсам,  артта 
қалып бара жатқан отбасыма алаң болдым. Жұмысты тастап үш жыл 
осы кітапты жазамын деп жүріп, қаржылық қиындықтарға тап бола 
бердім.  Қаржының  тапшылығы  –  өз  болашағыңа  балта  шабуға 
апарып ұрындырады екен. 
Осы кітапты бастарда, тәуекел деп тас жұтып, белді бекем буып 
қауырт  жазуға  отырдым.  Сонда  алғашқы  апта  бойы  ұйқыға  жатар 
алдында  төсегімнің  басында  Барақ  бабамның  үйдің  төбесін  тіреп 
 


көзі  оттай  жанып  тұрғанын  көрумен  болдым.  Көзімді  ашсам  да, 
жұмсам да көріп жүрдім. Ұйықтасам түсімде, оянсам өңімде көретін 
болдым. Қарасұр, бойшаң, жауырынды, көзі шоқтай жанып, басында 
дулыға,  дулығасының  маңдайында  үш  қауырсын  секілді  кекілі  бар 
бабам  менің  ұйқымның  күзетінде  тұрды.  Түнімен  әңгімелерді 
шертеді,  ұстай  алмай  қиналып  жүрдім.  Кейде  оянған  бетте  сол 
әңгімелерді  жазып  та  алып  жүрдім.  Кейініректе  де  аса  қатты 
қиналған сәттерімде түсіме кіріп жүрді. Барақбай  - Барақтың бейіті 
ме екен деп ойланып жүрген кезім еді, түсіме еніп, өзіне ас беруді, 
берілер  асты  ұйымдастыруды  табыстағандай  болды.  Осының 
барлығы тегін емес, тектен тек емес деп ойлаймын. 
Жер шолып, ат шалдырып, Арқа жеріне, Жаңаарқа және Ұлытау 
аудандарына  төрт  мәрте  сапар  шектім.  Талас  ауданына,  Созақ, 
Түлкібас, Бәйдібек аудандарына, Тараз, Алматы, Астана қалаларына 
жол  тарттым.  Талай  жанмен  таныстым,  талай  жаннан  бата  алдық. 
Талайдың  арманы  болған,  атасының,  бабасының  тарихын  қозғап, 
әруақтарды  қайта  тірілтуге  құштар  жандардың  тілектестігі 
арқасында  осы  кітап  жазылды.  Жәйремдік  Құтжанов  Серік 
Әубәкірұлы деген бауырымыз: «Мамытбек деген кісі Ерубай туралы 
көп  айтушы  еді.  Соларды  жинақтап  жазып  шықсаңыз.  Соның 
негізінде Ерубай туралы кино түсірілсе тамаша болар еді-ау» деп ой 
қозғайды.  Бұл  да  ойға  түйген,  келешекке  артылған  бір  жүк. 
Тиянақты дүниенің сәтіне тап болғай! 
Байболат,  Бақ,  Құлшыораз,  Барақ,  Сыбақ,  Жанақ,  Бұзау 
батырлар туралы деректерді өз қал-қадірім жеткенше жинақтап, осы 
кітапқа енгізіп отырмын. Деректер аз, дәйектер тіптен жоқ десеңіз де 
болады.  Қиыннан  құрастырып,  халықтан  сұрастырып  жазып 
шықтық. Әлі де дамыту, арғы қарай іздене бермек ойда бар. 
Осы  жазылып  отырған  кітапты  нешеме  атадым.  Алғашында 
«Жайықтан  Жайылмаға  дейін»  деп  атасам,  кейіннен  «Ұраным:  
Қарабура-Ерубай!»  деп  те  атамақ  болдым.  Ойлана  келе  тоқтаған 
жерім  -  «Жетіқоңыр:  Жиделі  және  Жайылма»  болды.  Кешегі 
Жетіқоңыр  жерін  жайлаған  бүтін  бір  ауылдың  тарам-тарам  жолға 
түскен  ұрпақтарының  негізгі  екі  қазығы  –  Қарағанды  облысы, 
Жаңаарқа ауданы, Жиделі колхозы (қазіргі Шәбден Ералиев ауылы) 
және  Жамбыл  облысы,  Сарысу  ауданы,  Жайылма  ауылында 
орналасқандықтан  солай  деп  шештім.  Бұл  кітап  бес,  әлде  алты 
томнан  тұрса  керек-ті.  Себебі,  жиналған  деректер  соған  мегзейді. 
 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

Ваша оценка этого документа будет первой.
Ваша оценка:

Похожие:

Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» iconТарту күші 3 кН, 6 с ішінде 100 м жол жүретін дененің қуаты
21.6kb.  
Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» iconҚазақстан Республикасының білім және ғылым мистрлігі
208.5kb.   Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» icon{Учебник} = Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған/ А. А. Пинский, В. Г. Разумовский және басқалар, аударған Р. Башарұлы, Г. З. Байжасарова – Алматы: Просвещение Қазақстан, 2004
82.7kb.  
Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» iconPEDagogika sessia otv - 1 Ғылым және оқу пәні ретінде педагогика тарихы пәні,міндеттері және зерттеу әдістері
3498.9kb.   Ответы по педагогики на сессию
Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» icon= 81 болса, геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін табыңыз
98.5kb.  
Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» icon= 81 болса, геометриялық прогрессияның бірінші мүшесін табыңыз
142.1kb.  
Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» iconДүние жүзінде жерінің ауданы бойынша бірінші орын алатын ірі мемлекет
6.7kb.  
Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» iconЖеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін
81.5kb.   Ы. Алтынсарин жасөспірімдерге адмгершілік рухта тәрбие бере алатын еңбектерді ғана аударғаны және осы аудармалары арқылы оның еңбек,...
Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» iconКредиторлық берешек аудитінің есебі - I бөлім. Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны, жіктелуі, ұйымдастыру және ақпарат көздерімен қамтамасыз етілуі
382.2kb.   Кредиторлық берешек – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері. Пайда болу сипатына қарай кредиторлық берешек...
Н. Рахымжанов, Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма, Бірінші кітап: Бабалар салған соқпақ жол - «Бабалар салған соқпақ жол» iconЕкі автомобиль қарама-қарсы бағытта қозғалып келеді. Бірінші автомобильдің жылдамдығы 54 км/сағ, ал екіншісінікі 108 км/сағ. Автомобильдердің салыстырмалы жылда
4.7kb.  
Разместите кнопку на своём сайте:
Рефераты


База данных защищена авторским правом ©CoolReferat 2000-2012
обратиться к администрации | правообладателям | пользователям
Основная база рефератов
Рефераты